Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бақылаушылар миссиясының басшысы Қазақстанда референдум өткізудің қорытындылары туралы мәлімдеме жасады. Ол жергілікті жерлердегі бақылауларға, дауыс беруушілермен, сайлау комиссиялары мүшелерімен және қоғамдық бақылаушылармен кең пікір алмасуға, сондай-ақ жиналған практикалық материалдарға негізделген. ШЫҰ-ның Бас хатшысы Чжан Мин Қазақстанның референдумда миссияның міндеттерін орындауға қажетті жағдай жасағанын, Қазақстанның сайлау заңнамасының және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелердің талаптарына сәйкес келгенін атап өтті.