Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысында автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жандандырылды. 2022 жылы облыстың автожолдарын дамытуға 51,2 млрд теңге бөлініп, 600 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңір әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.