Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елдің ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне баса назар аударды. Өңірдің ауыл шаруашылы саласында жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 25%-ды немесе 115 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте хабарлады.