Биыл Павлодар облысында 7 ірі спорт объектісі, 13 шағын футбол алаңы және 63 спорт алаңы салынып жатыр. Сонымен қатар балаларды білімге ынталандыру мақсатында 150-ге жуық кітапхана жаңартылады, барлық оқушылар үшін мұражайларға тегін бару ұйымдастырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов мәлім етті.