Кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандары «бір үй – бір бірлестік» немесе «жай серіктестік – бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істеуге арналған. Меншік иелерінің әрбір бірлестігі немесе жай серіктестік өзінің жинақ шотын ашады. Басқарудың бұл принципі пәтер иелерінің кооперативтерінің басым бөлігі көп үйлерді басқара бастағанына және барлық үйлерге бір шот ашқанымен байланысты болды. Сонымен қатар олар күрделі жөндеу үшін жинақ шоттарын ашпаған. Нәтижесінде пәтер иелері қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау мүмкін болмады. Жаңа заңда 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін ескі ПИК-тен Жаңа МИБ-ке немесе ЖС-ге көшу қарастырылған болатын. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол Орталық комммуникациялар қызмметінде өткен дөңгелек үстел отырысында статистикалық мәліметтерге тоқталды.