Реформаның мақсаты – ПИК-тен МИБ-ке көшу емес, халқымыздың әл-ауқатын түсінуге және көтеруге жағдай жасау екенін халыққа жеткізу маңызды. Тұрғындар өз өмірлерінің қаншалықты жақсарғанын сезінуі керек. Халықтың жаппай шағымдары, орын алған үрдіске наразылығы болды, сондықтан реформа басталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі өзін-өзі реттейтін ұйым Президенті Қазыбек Шайх Орталық коммуникациялар қызметі алаңында реформаның жүргізілуін талқылау барысында айтты.