Шымкент қаласына республикалық мәртебе алғанына 4 жыл толды. ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи шешімі өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қаламыздың екінші тынысы ашылып, қала тұрғындарының келешекке деген сенімі арта түсті. Бұл сөзімді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысымен Конституцияға енген өзгерістер Референдумында қала тұрғындарының 72 пайыздан астамы қатысқаны растап отыр. Шымкент әкімі Мұрат Айтенов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Қаланың республикалық мәртебе алғанына биыл 4 жыл болды.