Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санын азайту. Халықты жұмыспен қамту шараларына 57 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланып, 5 айда 22 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент әкімі Мұрат Айтенов хабарлады.