Өткен жылы қалада 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй берілген болатын. Биыл да осы межеден асу жоспарланып отыр. Оның ішінде бюджет есебінен 51 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент әкімі Мұрат Айтенов хабарлады.