Конституцияға азаматтық құқықтарды күшейту бойынша бірқатар өзгертулер енгізіліп, құқықтық қорғау институттарының потенциалы күшейтілді. Осы орайда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы конституциялық заңның жобасы әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің сарапшылар клубында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова мәлім етті.