ҚР Президентінің бастамасымен республикалық референдумда қабылданған жаңалықтардың бірі - Конституциялық сот құру. Бұл институт елімізде отандық құқық қорғау жүйесін жаңғыртуға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің сарапшылар клубында Конституциялық Кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов мәлім етті.