50 мыңға жуық астаналық әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұр. Соңғы 3 жылда шаршы метр құрылысының көлемі еселеп өсіп, 10 мың пәтерге жетті. Бәрі бірдей бюджет есебінен емес, жеке инвесторларды тарту арқылы да салынып жатыр. Мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік кезектілікті жеңілдетуге көмектеседі. Нәтижелі механизм туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте әкім Алтай Көлгінов айтып берді.