Елорданы дамытудың кешенді жоспарында Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй алаптары бойынша жеке бөлім қабылданды. 2019 жылы Үкімет қаулысымен бекітілді. Жыл сайын ұдайы түзетіліп, жүзеге асырылады. 200-ден астам көше, 40-тан астам қоғамдық кеңістік пен 300 аула алаңы жөнделді, алдағы уақытта газдандыру тұрғын үй алаптарында жүргізіледі. Жыл сайын бұл жұмыс өз нәтижесін береді: тротуарлар, жарықтандыру, аялдамалар және.б. жобалар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкім Алтай Көлгінов мәлімдеді.