Жоспарланған 41 авариялық су қоймасының 16 қалпына келтірілді. Нәтижесінде халық саны 120 мың адамнан асатын 16 ауылды елді мекенде су басу қаупі жойылды. Биыл тағы 6 су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қалған 19-ы 2025 жылдың соңына дейін қалпына келтіріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов мәлімдеді.