Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдан бастап қаржыландыру көлемі 260млрд теңгені құрайтын Семей қаласының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары іске асырылуда. Соңғы екі жыл ішінде қалаға 107 млрд теңге немесе жоспарланған көлемнің 41% салынды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Солардың бірі - Қазақстандағы алғашқы радионуклеидті терапия бөлімшесі бар онкологиялық диспансердің ядролық медицина орталығы.