Шекара маңы аумақтарындағы өзара іс-қимыл әрекеттерін пысықтау үшін Ресей ТЖМ бөлімшелерімен 7 трансшекаралық өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығуға Астрахан, Орынбор, Саратов, Қорған, Түмен, Челябі, Омбы облыстары мен Алтай өлкесінің өртке қарсы және құтқару бөлімшелері қатысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Төтенше жағдай министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов хабарлады.