Бүгінгі күні «айналым схемасының» қаржыландыру көлемі 86,5 млрд теңгеге жетіп, нарыққа ықпал ету үлесі 4%-ды құрады. Алайда, тіпті мұндай шамалы көлемнің өзі бұл механизмнің тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.