Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін Үкімет отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерін ірі сауда желілеріне өткізуде қолдауға бағытталған заңнамалық бастамаларды ұсынбақ. Сөрелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, үстемеақылар шегін реттеу және делдалдар санын азайту жөніндегі шаралар қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.