Осы жылы қажетті өнім көлемінің болуына және ішкі нарықта тапшылықтың болмауына қарамастан, қант пен көкөніс өнімдері бағасының өсуі байқалды. Көкөніс өнімдері арасында пияздың бағасы өсті. Осы орайда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ішкі нарықта пияздың қоры жеткілікті екенін атап өтті. Оның айтуынша, ай сайынғы қажеттілік 26 мың тонна болса, бүгінгі күні пияз қоры 35 мың тоннаға жуықты құрайды.