Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында адам саудасы проблемасының өзектілігін, осындай қылмыстарды тергеу және кінәлілерді сот тәртібімен жазалау рәсімін жақсарту қажеттігін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Осыны негізге ала отырып, уәкілетті органдар дәйекті жұмыс жүргізуде. Ішкі істер министрлігі жүйелі негізде осындай факторларды анықтауға бағытталған республикалық жедел – алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен сарапшылардың дөңгелек үстелінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Нұрмағамбетов айтып берді.