Асыраушысынан айырылған жағдайда Қордан төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айрылу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша 23 жасқа дейін жүзеге асырылады. 2021 жылы асыраушысынан айырылған 57 мыңнан аста отбасы аталған төлемді алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел хабарлады.