2022 жылғы 9 маусымда шекті тарифтерді көтеру туралы бұйрықтың жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және Энергетика министрлігінде аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен талқылау жүргізілді. Бұйрық жобасы қоғамдық кеңесте қаралып, Ашық НҚА порталының электрондық алаңында талқыланды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингінде ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді.