Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент және Атырау қалаларында әкімдік, полиция, Президент резиденциясы, телемұнара ғимараттарына, дүкендер мен өзге де объектілерге қарулы шабуыл жасау кезінде 92 адам қаза тапты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті.