Құқық қорғау органдары ғимараттарына шабуылдау нәтижесінде 1 259 табельдік қару ұрланды, соның ішінде автоматтар, тапаншалар мен гранатометтар болды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов осындай мәліметтерді жария етті.