Мемлекет балалардың тегін жаттығуына жағдай жасайды. Бірақ секцияларға қатысушылар қандай да бір жарыстарға қатысу үшін ақша жинайды. Неге? Бұл қомақты қаржы. Сонда спортты коммерциализацияланып жатыр ма? Балалар арқылы ақша таба ма? Орталық коммуникациялар қызметінде спорт шенеуніктеріне осындай сұрақ қойылды. ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы орынбасары Айгүл Бектенованың айтуынша, әдетте секциялар ақылы болады. «АртСпорт» бағдарламасы іске қосылғанға дейін осылай болды.