Жыл сайын елімізде 800-ге жуық орман және дала өрттері тіркеледі. Табиғи өрттердің тиімді алдын алу және оларды жою азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің назарын аударған негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті басқарма бастығының орынбасары Тілеуберді Мәдиев мәлім етті.