«Самұрық-Қазына» азаматтардың тіршілік ету сапасын жақсартатын 16 жаңа басым жоба туралы хабарлады. Оларды іске асыру мыңдаған жұмыс орнын ашып, азаматтардың табысын арттыруға мүмкіндік береді. Олардың ішінде – мұнай-газ химиясы жобалары, ұлттық электр желісін жаңғырту, базалық қуат көзін салу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту жобалары, 5G интернет-желісін салу, жаңа теміржол салу және т.б. жобалар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев толығырақ айтып берді.