2021 жылғы 27 желтоқсанда «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданды, оның мақсаты – экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өнім өндірісін ұлғайтуды дамыту. Бұл сыртқы және ішкі факторлардың өзгеруіне дер кезінде ден қоюға және өнеркәсіп кәсіпорындарына мемлекеттік ынталандыру шараларын неғұрлым жедел көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ИИДМ комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов хабарлады.