Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар әзірленіп, бекітілді. Осы Қағидалар шеңберінде несие өтеу қабілеттілігі, шикізат бағасын толық көлемде белгілеу шарттарымен үшжақты келісімдер жасалып жатыр. Бұл механизмді ҚР ИИДМ комитетінің басшысы Ілияс Оспанов ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде түсіндіріп өтті. Яғни, саясат шеңберінде мемлекет орта және жоғарғы деңгейдегі қайта бөлуді барынша қолдауға тырысады – бұл қосылған құны жоғары өнім. Ал шикізат аз сақталады.