Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ел ішіндегі құндылықтар мен экспортқа бағдарланған өндірістердің 2026 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама ішкі нарықты отандық өндірістің бәсекеге қабілетті тауарларымен толықтыруға, кейіннен экспортқа шығаруға бағытталған. Қазір тауар позициясында 761 атау, машина жасау саласынан 94 атау көзделген. Фискалдық заттар, монетарлық даму, адами капитал, тарифтік және тарифтік емес реттеу бағытында 46 жүйелі көлденең іс-шаралар әзірленді, олар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға ынталандыру шарасын алып қана қоймай, жаңа жобаларды дамытуға және жаңа өндірістік қуаттарды құруға мүмкіндік береді. ОКҚ брифингінде ИИДМ комитетінің басшысы Ілияс Оспанов осындай жаңалықпен бөлісті.