Заңның тағы бір жаңалығы бірлескен (ерлі-зайыпты) зейнетақы аннуитетін енгізу болып табылады, ол ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге және олардың әрқайсысына жеке кесте бойынша өмір бойы төлемдер белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева мәлімдеді.