Кедендік әкімшілендіру кезінде жасанды интеллект элементтері енгізіледі. Шекарадағы бақылауды инспекциялық-тексеру кешендері «жүзеге асырады». Бұл – рентген аппараттары. Ал суреттерді шекарада тұрған адам талдайды. Бірақ әлем бір орында тұрмайды, жүк көлігінде жиһаз ба, азық-түлік пе, оны анықтайтын жаңа бағдарламалар енгізілуде. Дәлсіздік, қателік, субъективизм алынып тасталады. ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, алдағы уақытта жаңарту жоспарлануда.