Артистизм, харизма, керемет вокал. Дэвид Чарлиннің бойындағы бұл қасиеттер «Baqytty Bala-2022» байқауының мүшелерін тәнті етті. Дарын иесі балалар Евровидениесіне еліміздің атынан қатысуға лайық болып көрінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте продюсер Жан Мұқанов айтып берді.