ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау, оның ішінде кәсіпорындарда Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуы жайлы баяндады. Ол жалақы бойынша берешек мәселелері ерекше алаңдаушылық туғызатынын атап өтті.