Аумақтық департаменттер сәйкестікті растау құжаттарын бұза отырып беруді анықтады және 57 сәйкестік сертификатының, 35 сәйкестік туралы декларацияның, 13 983 өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшін жойды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев мәлімдеді.