Биыл желтоқсан айында Мемлекет басшысына «Digital Bridge 2022» форумында пилоттық нұсқада таныстырылған «Цифрлық мәліметтер» жаңа бөлімін іске қосу жоспарлануда. Енді бір рет басу арқылы деректерді түзетуге, бөлісуге, сондай-ақ сұрауға болады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин ОКҚ алаңында өмірлік жағдайлар бойынша цифрлық мәліметтерді «sharing» форматына көшу туралы айтып берді.