Қазақстанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясының құрамында 67 халықаралық бақылаушы жұмыс істеуде. Оларда сайлау комиссиясының жұмысымен танысуға, дауыс берудің қалай жүріп жатқанын көруге, басқа бақылаушылармен сөйлесуге, дауыс беретін азаматтардың көңіл-күйін көруге мүмкіндік болды. Бұл туралы халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Тәжікстан Республикасы Мажлиси Намояндагон Мажлиси Оли төрағасының орынбасары, бақылаушылар тобының үйлестірушісі Дилрабо Мансури мәлімдеді.