Келушілер саны көп, жақсы ұйымдастырылған. ҰҚШҰ ПА байқаушылар миссиясының өкілі Вагаршак Акобян осы екі маңызды мәселені атап өтті. Армения Республикасы Ұлттық Ассамблеясының өңірлік және еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары, Армения-Қазақстан парламенттік достық тобының жетекшісі, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар тобының үйлестірушісі халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Қазақстандағы әріптестерінің жұмысы туралы айтып берді.