Қазақстанда байқау миссиясына ШЫҰ-ға мүше жеті мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, сайлау органдарынан, сондай-ақ тұрақты жұмыс істейтін органдар – Хатшылық пен АТҚҚ-дан 18 өкіл аккредиттелді. Олардың барлығы төрт топқа бөлініп, Астана мен Ақмола облысындағы 21 сайлау учаскесіне барды. Бұл туралы халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифинг барысында ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин мәлімдеді.