Көші-қон ағынын есепке алу үшін көшіп-қонушылардың 13 бағыты бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлімдеді.