Қаруды ұрлау және сақтау фактісі бойынша 519 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген.Осы қылмыстар үшін 183 тұлға күдікті деп танылды, 11 адам қамауда, 154 адам сотталды, оның ішінде 27 бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов мәлімдеді.