Қаңтарда наразылықтар жаппай тәртіпсіздікке ұласты, оның барысында бұзақылар мемлекеттік және жеке нысандарды, банктерді, дүкендерді, сауда үйлерін тонап, көлік құралдарын қиратты. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға, кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға миллиардтаған залал келтірілді. Оқиғаның қалай болғаны туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Дүйсенбаев айтып берді.