Жаппай тәртіпсіздік азаматтар мен қызметкерлер арасында қаза тапқандарға әкеліп соқты. Заңнама мұндай қылмыстардан зардап шеккендерге мемлекеттік бюджет есебінен өтемақы төлеуге кепілдік береді. Қазіргі таңда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге мемлекет тарапынан 14,6 млрд теңге төленді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Дүйсенбаев айтып берді.