Азаматтық қоғам саласындағы маңызды міндеттердің бірі – мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әлеуметтік саладағы тиімді әріптестігін дамыту. Осы орайда, мемлекет тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында құқықтық базаны жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.