2022 жылы ҮЕҰ үшін бөлінген гранттар санының ұлғаюы, сондай-ақ бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен гранттық қаржыландыру көлемінен 2 есеге өсуі байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғам төрағасы Ғалым Құрман хабарлады. Оның айтуынша, биыл 10 мемлекеттік және жеке тапсырыс берушілердің 2,2 млрд теңгеден астам сомаға 102 гранты іске асырылды. Сонымен қатар 16 конкурс шеңберінде ҮЕҰ-ның қамтылуы 1,5 есеге ұлғайып, 461 ҮЕҰ-нан 685 өтінім келіп түсті.