Ашық дерекөздерде 362 компания ресейлік нарықтағы қызметін тоқтататыны немесе қысқартатыны туралы хабарлады. 2022 жылдың наурыз айынан бастап қазақстандық дипломаттар осы брендтердің басшылығымен келіссөздер жүргізді. 62 компания елімізге келу туралы ұсынысқа келісті. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров ОКҚ алаңында өткен брифингте толығырақ айтып берді.