Біз инвесторларды шетелдік және жергілікті деп бөлмейміз. Барлық инвесторлар үшін бірыңғай тәсіл қолданылады. Басты мақсат – жобаны тікелей Қазақстанда іске асыру. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ибраимов мәлімдеді.