Жалпы, балалы отбасыларды қолдау үшін мемлекет тарапынан жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджеттен бала тууына байланысты бір жолғы жәрдем ақы төленеді. Биыл оның мөлшері 120 840 теңгеден 200 340 теңгеге дейін болса, оған бюджеттен 58 млрд теңге көзделді, оны 398 мың адам алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Сағындықова Назгүл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.