Оның айтуынша, Цербер нұсқасы қазіргі уақытта әлемнің 65-тен астам елінде анықталған және омикронның бұрынғы кіші түрлерінен айырмашылығы жоқ. Ауру көбінесе жедел респираторлық ауру түрінде жеңіл өтеді. 

«Қазақстанда желтоқсан айында қараша айымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2,4 есе өсуі байқалады. Тәулігіне 300 жағдайы тіркелуде. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 12 тамыздан бастап барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан, алайда, R көрсеткішінің бірліктен жоғары болуы еліміздің 13 өңірінде байқалады, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетіп отыр», - деді вице-министр.