Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ алаңында өткен брифингте энергетика саласы мен жаңартылатын энергия көздерінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Оның мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 112,7 млрд кВтсағат көлемінде немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,5% көлемінде электр энергиясын өндіру күтілуде. Төмендеу ағымдағы жылы нарықта майнингтің болуы себебінен өткен жылғы өндірістің жоғары базасына байланысты.